B-AcademyБағдарлама білім беру ұйымдарын басқару жүйесінде жасанды интеллект технологияларын тиімді, қауіпсіз, этикалық және құқықтық тұрғыдан негізделген түрде қолдануға қажетті педагогтың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, Бағдарлама педагогтердің цифрлық трансформация жағдайындағы кәсіби қызметін жетілдіруге, заманауи цифрлық ортада сапалы білім беру процесін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі білім беру жүйесінде педагог тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар оқыту тәжірибесін жобалаушы (instructional designer), цифрлық білім беру контентін әзірлеуші және білім алушылардың жеке білім траекториясын ұйымдастырушы рөлін атқарады. Жасанды интеллект құралдарының қарқынды дамуы оқыту мазмұнын, әдістерін және бағалау тәсілдерін жаңартуды талап етеді. Осыған орай педагогтың құзыреттілігі: • цифрлық білім беру құралдарын тиімді пайдалану; • педагогикалық дизайн негізінде оқу процесін құрастыру; • жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне кіріктіру; • білім беру деректерін талдау арқылы тиімді шешім қабылдау; • цифрлық этика мен академиялық адалдық қағидаттарын сақтау бағыттарында дамытылуы қажет. Бағдарлама Қазақстан Республикасының білім беруді цифрландыру стратегиясымен, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту бағыттарымен және білім беру сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың басымдықтарымен толық үйлеседі. Бағдарламаны іске асыру педагогтың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, білім беру ұйымдарының басқару тиімділігін күшейтуге және заманауи цифрлық білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Уже есть аккаунт? Войти
Нажмите на модуль, чтобы увидеть темы.
Онлайн: видео, материалы и задания в кабинете, учитесь в удобное время. Прогресс сохраняется после каждого модуля.
Нажмите «Записаться», оплатите и загрузите квитанцию. После подтверждения курс откроется в кабинете.
После прохождения всех модулей запросите сертификат в кабинете; он выдаётся с QR-кодом. Сертификат о повышении квалификации регистрируется в ЕБДП — для этого нужен ИИН.
Менеджеру в WhatsApp или помощнику BayMax — в правом нижнем углу.



Есть вопросы — ответит менеджер или помощник BayMax.