B-AcademyЖасанды интеллект технологияларын педагогикалық қызметте тиімді пайдалану оқу процесінің сапасын арттыруға, педагогтің уақыттық ресурстарын оңтайландыруға және білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жасанды интеллектті қолдану барысында академиялық адалдықты сақтау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дербес деректерді қорғау және этикалық нормаларды сақтау мәселелері ерекше маңызға ие болуда. Бағдарлама Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік басымдықтарымен, атап айтқанда, білім беруді цифрландыру, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру және инновациялық білім беру технологияларын енгізу бағыттарымен тығыз байланысты. Сонымен қатар Бағдарлама Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы», «Ақпараттандыру туралы» заңдарының талаптарын, сондай-ақ цифрлық білім беру ресурстарын тиімді және жауапты пайдалану қағидаттарын ескере отырып әзірленген. Әлемдік білім беру кеңістігіндегі негізгі үрдістердің бірі – жасанды интеллектті оқу процесіне енгізу арқылы оқытуды дербестендіру, білім беру аналитикасын дамыту және педагогикалық шешімдердің тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл үрдістер педагогтердің кәсіби қызметіне жаңа талаптар қойып, олардың цифрлық технологияларды педагогикалық мақсатта тиімді қолдану дағдыларын жетілдіру қажеттілігін туындатады. Осыған байланысты, Бағдарлама педагогтердің жасанды интеллект технологияларын оқу процесінде саналы, қауіпсіз және педагогикалық тұрғыдан тиімді қолдануын қамтамасыз етуге, оқу материалдарын жоспарлау мен үй тапсырмаларын әзірлеу үдерістерін жетілдіруге, сондай-ақ білім беру сапасын арттыруға бағытталған. Бағдарлама педагогтердің цифрлық мәдениетін қалыптастыруға, инновациялық педагогикалық тәсілдерді меңгеруіне және білім беру жүйесінің заманауи талаптарына бейімделуіне ықпал етеді.
Уже есть аккаунт? Войти
Нажмите на модуль, чтобы увидеть темы.
Онлайн: видео, материалы и задания в кабинете, учитесь в удобное время. Прогресс сохраняется после каждого модуля.
Нажмите «Записаться», оплатите и загрузите квитанцию. После подтверждения курс откроется в кабинете.
После прохождения всех модулей запросите сертификат в кабинете; он выдаётся с QR-кодом. Сертификат о повышении квалификации регистрируется в ЕБДП — для этого нужен ИИН.
Менеджеру в WhatsApp или помощнику BayMax — в правом нижнем углу.
Есть вопросы — ответит менеджер или помощник BayMax.