Кәсіби біліктілікті арттыру

ПЕДАГОГИКАДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚОЛДАНУ: ҮЙ ТАПСЫРМАЛАРЫ МЕН ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖОСПАРЛАУ

74 сағат
4 модуль
Онлайн
Рахат
🎓
Тренер / Оқытушы
Рахат Шуакбаева
Педагогика ғылымдарының кандидаты
математика, информатика және есептеуіш техника пәнінің мұғалімі
74
сағат
Жалпы ұзақтық
37
сағат
Аралық · 1–1.5 ай
4
модуль
Барлық модульдер
🌐
Онлайн
Формат
Курс шолуы

Бағдарламаның өзектілігі қазіргі білім беру жүйесін цифрландыру үдерістерінің қарқынды дамуымен, педагогтердің цифрлық құзыреттіліктеріне қойылатын талаптардың күшеюімен және жасанды интеллект технологияларының оқу-тәрбие процесіне белсенді енгізілуімен айқындалады. Қазіргі таңда жасанды интеллект құралдары оқу материалдарын жоспарлау, білім алушылардың оқу жетістіктерін талдау, үй тапсырмаларын саралау және білім беру мазмұнын дербестендіру бағыттарында кеңінен қолданылуда.

Барлық модульдер
4 модуль
1
Модуль 1. Жасанды интеллекттің педагогикадағы теориялық негіздері
8 сағ

Модульдің міндеті: 1. Жасанды интеллекттің (ЖИ) педагогикадағы негізгі ұғымдарын, бағыттарын және қолдану салаларын түсіндіру. 2. ЖИ технологияларының білім беру жүйесіне ықпалын және оқу процесіндегі рөлін талдау. 3. Педагогикалық және әдістемелік тұрғыдан ЖИ қолданудың ғылыми негіздерін меңгерту. Күтілетін нәтиже: Модульді аяқтағаннан кейін тыңдаушылар: 1. педагогикада ЖИ қолданудың негізгі бағыттарын және оның білім беру жүйесіне әсерін түсінеді; 2. ЖИ технологияларын оқу процесінде қолданудың теориялық негіздерін меңгереді; 3. педагогикалық қызметте ЖИ қолданудың мүмкіндіктері мен шектеулерін талдай алады.

Тақырыптар
1.1. тақырып. Педагогикада жасанды интеллектті қолданудың негізгі ұғымдары мен бағыттары
1.2. тақырып. Оқу процесінде ЖИ технологияларының рөлі және мүмкіндіктері
1.3. тақырып. ЖИ қолданудың педагогикалық және әдістемелік негіздері
2
Модуль 2. Жасанды интеллект арқылы оқу материалдарын жоспарлау
20 сағ

Модульдің міндеті: 1. Оқу материалдарын жоспарлау және құрылымдау үдерісінде ЖИ құралдарын қолдану әдістерін меңгерту; 2. Генеративті ЖИ көмегімен сабақ жоспарларын, оқу контентін әзірлеу дағдыларын дамыту; 3. Оқытуды дербестендіру және саралау мақсатында ЖИ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдарын көрсету; 4. Оқу мазмұнын жаңарту мен цифрлық ресурстарды интеграциялау тәсілдерін қалыптастыру. Күтілетін нәтиже: Модуль аяқталғаннан кейін тыңдаушылар: 1. ЖИ көмегімен оқу материалдарын тиімді жоспарлай алады; 2. сабақ құрылымын заманауи талаптарға сай құрастырады; 3. оқу мазмұнын білім алушылардың деңгейіне сәйкес саралайды; 4. генеративті ЖИ құралдарын оқу процесінде орынды қолданады.

Тақырыптар
2.1. тақырып. Оқу материалдарын құрылымдау және жоспарлауда ЖИ құралдарын қолдану
2.2. тақырып. Сабақ жоспарын әзірлеуде генеративті ЖИ мүмкіндіктері
2.3. тақырып. Оқу контентін дербестендіру және саралау әдістері
3
Модуль 3. Үй тапсырмаларын жоспарлау және бағалау үдерісінде ЖИ қолдану
30 сағ

Модульдің міндеті: 1. Үй тапсырмаларын тиімді құрастыру және автоматтандыру әдістерін үйрету; 2. Білім алушылардың деңгейіне сәйкес тапсырмаларды бейімдеу дағдыларын қалыптастыру; 3. Бағалау және кері байланыс беру процесінде ЖИ құралдарын қолдану тәсілдерін меңгерту; 4. Оқу нәтижелерін талдау және мониторинг жүргізуде ЖИ мүмкіндіктерін пайдалану. Күтілетін нәтиже: Модуль аяқталғаннан кейін тыңдаушылар: 1. үй тапсырмаларын ЖИ көмегімен жүйелі түрде жоспарлайды; 2. білім алушылардың ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды саралайды; 3. бағалау және кері байланыс беру процесін автоматтандырады

Тақырыптар
3.1. тақырып. Үй тапсырмаларын тиімді құрастыру және автоматтандыру
3.2. тақырып. ЖИ арқылы тапсырмаларды саралау және білім алушылардың деңгейіне бейімдеу
3.3. тақырып. Оқу жетістіктерін бағалау және кері байланыс беруде ЖИ қолдану
4
Модуль 4. Жасанды интеллектті педагогикалық практикада қолданудың практикалық аспектілері
16 сағ

Модульдің міндеті: 1. ЖИ құралдарын педагогикалық практикада қолданудың тиімді тәсілдерін меңгерту; 2. Нақты кейс-стадилер мен практикалық тапсырмалар арқылы тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру; 3. ЖИ енгізу стратегияларын әзірлеу және оқу процесіне интеграциялау жолдарын көрсету; 4. Инновациялық педагогикалық әдістерді қолдану арқылы оқу сапасын арттыру. Күтілетін нәтиже: Модуль аяқталғаннан кейін тыңдаушылар: 1. ЖИ құралдарын педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдана алады; 2. нақты оқу жағдайларында ЖИ негізінде шешім қабылдайды; 3. оқу процесіне ЖИ енгізу стратегияларын әзірлейді; 4. педагогикалық қызметте инновациялық тәсілдерді қолданады.

Тақырыптар
4.1. тақырып. ЖИ құралдарын пайдалану бойынша практикалық тапсырмалар және кейстер
4.2. тақырып. Педагогикалық қызметте ЖИ енгізу стратегиялары
Баға
25 000 ₸
Бір рет төлем · 30 күн қайтару
Кіру және сатып алу
Ұзақтығы
74 сағат
Модульдер
4
Формат
Онлайн
Категория
Кәсіби біліктілікті арттыру
🔒 Қауіпсіз төлем
Карталар және жергілікті опциялар қолдау көрсетіледі.
Іріктеу кезеңі
01
Онлайн өтініш
беру
02
IT білімін
тексеру
03
Кейс тапсырма
04
Ағылшын
тексеру
05
Әңгімелесу