Білім беру бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) өзектілігі.
Қазіргі жаһандану жағдайында, цифрлық экономиканың қарқынды дамуы мен еңбек нарығындағы құрылымдық өзгерістер кәсіби бағдар беру жүйесіне жаңа талаптар қоюда. Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде дәстүрлі мамандықтардың мазмұны өзгеріп, жаңа кәсіп түрлері пайда болып, кейбір мамандықтар өзектілігін жоғалтуда. Мұндай жағдайда білім алушылардың болашақ кәсіби бағытын саналы, дәл және негізделген түрде таңдауына жағдай жасау – білім беру жүйесінің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады.